Бюджеттік қаржының орнымен жұмсалуын қадағалауда тексеру комиссияларының тынысы ашылып отыр

ОРАЛ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бюджеттік қаржының орнымен жұмсалуын қадағалауда тексеру комиссияларының тынысы ашылып отыр. Бұл туралы БҚО мәслихаты тексеру комиссиясының төрағасы Самат Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оның айтуынша, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес жергілікті бюджетті бақылау мәслихаттың тексеру комиссиясына жүктелетіні белгілі. Әйтсе де, тексеру комиссиясының штаты бірде-бір нормативтік құжатта бекітілмегендіктен, бюджет кодексі бойынша қаржы қызметін ұзақ жыл бойы мемлекеттік орган жүргізіп келді. Осы жайтты ескерген барлық деңгейдегі мәслихаттардың тексеру комиссиялары өздерінің қызметтік құзіретін анықтау үшін мәжілістер өткізді. Сөйтіп, ұсыныстар негізінде кешенді жұмыс атқарылып, мәслихаттардың тексеру комиссиялары Есеп және Қаржылық бақылау комитеттері сияқты қаржылық бақылау органына айналды. «Мәслихат құрамындағы тексеру комиссиясының мүшелері мемлекеттік қызметкер деп танылып, бюджеттік кодекстің жаңа жобасында комиссияның штат саны анықталды. Бұдан былай мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің тізіміне бақылаушы (ревизор) біліктілігі енгізілмек. Облыстық мәслихаттарда D-4, ал қалалық және аудандық мәслихаттарда Е-4 санаттары болады. Тексеру комиссиясының құрамына қабылданған бес мемлекеттік қызметкер қажетті дайындықтан өткен соң жұмысқа кірісіп те кетті. Олар он мемлекеттік мекемеде қаражатты мақсатты пайдалану бойынша тексеру өткізіп те үлгерді, деді ол.

Облыстық, қалалық және аудандық тексеру комиссиялары бюджет қаражатының мерзімінде, толық әрі тиімді игерілуін бақылауға пәрменді. Олар тексеруді мәслихат хатшысының тапсырмасы мен депутаттардың сұрауына сәйкес жүзеге асыра алады.

Соңғы жаңалықтар