Бюджеттің барлық түсімдерін бір ғана органның төңірегіне топтастыру керек - О. Өксікбаев
Бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында депутат Нұртай Сабильянов осылай мәлім етті.
«Бюджетке түсетін салықтан бөлек, басқа да көптеген түсімдер бар. Бүгінгі таңда қолданыстағы заңнамаға сәйкес, елімізде сондай түсімдерді жиюмен айналысатын бірнеше өкілетті орган бар. Алайда ұсынылып отырған заңнамада солардың барлығын бір ғана салық органына шоғырландыру мәселесі қаралмай отыр. Ал оның төңірегіндегі проблемалар жеткілікті», - деді депутат Омархан Өксікбаев. Оның айтуынша, бюджет түсімдері бойынша мониторингілеуді бір орган атқарса, екінші мемлекеттік орган түсімді жияды, ал үшіншісі келісімшарт секілді дүниелерді қарап отыр.
«Осының салдарынан бюджетке көп қаражат түспей жатыр. Менің ойымша, бюджет түсімдерін бір салық органының төңірегіне топтастырып, бір орган ғана атқаратын қылу керек. Осы мүмкін бе? Үкімет оған дайын ба? Біз барлық түсімдерді салық заңнамасы аясына келтіретін болсақ, ертең салық органдары заң деңгейіндегі талапты қоя алатын еді. Ал бүгін ондай деңгейде болмаған соң түсімдер түспей жатыр және оған тиесілі айыппұлдар салынбай жатыр. Соның салдарынан мемлекет миллиардтаған қаражатты жоғалтып жатыр», - деді О. Өксікбаев.