18:29, 19 Наурыз 2013 | GMT +5
БЖЗҚ аффилирленген тұлғалармен мәміле жасау тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді - Г.Марченко
АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Егерде жинақтаушы зейнетақы қоры жалғыз болғанда бұл аффилирленген тұлғалармен мәміле жасау тәуекелдерін жоюға мүмкіндік берер еді.

Бұл туралы бүгін forum.profinance.kz сайтында өткен онлайн-конференция барысында Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко айтты.
«Дағдарысқа дейінгі кезеңде бірқатар жинақтаушы зейнетақы қоры аффилирленген тұлғалармен мәміле жасасып, одан шығын тартқан болатын. Егерде қор біреу болған жағдайда, онда Ұлттық банк басқаратын болады. Бұл аффилирленген тұлғалармен мәміле жасау тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді. БЖЗҚ құрылған жағдайда салымшылардың бір қордан екіншісіне көшуі сынды қатер тоқталатындығын ескерген жөн. Бұл өз кезегінде жүйелердің жалпы тиімділігін төмендетуге септігін тигізер еді», - деді Г.Марченко.