17:22, 22 Сәуір 2014 | GMT +5
БЖЗҚ жыл соңына дейін барлық салымшыға жинаған қаржысы жайында ақпарат береді - Қ.Келімбетов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жыл соңына дейін барлық салымға жинаған қаржысы жайында ақпарат беретін болады. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.
Оның атап өтуінше, жеке зейнетақы қорларынан БЖЗҚ-ға аударылған салымшылардың қаржысы толығымен сақталатын болады.
«Біз 1 шілдеге қарай барлық зейнеткерлік істерді мұрағаттау жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Содан кейін біздің филиалдар мен қызмет көрсету орталықтарымыздың жаңа мекен-жайлары бойынша бұл ақпаратты береміз», - деді банк төрағасы.
Қ.Келімбетовтың айтуынша, еліміздің заңнамасына сәйкес, қор жылына бір мәрте әрбір азаматтың зейнетақы шотындағы қаржысы жайында ақпарат беріп отыруға міндетті.
«2014 жылы біз әрбір салымшыға зейнетақы есепшотындағы ахуал жайында ақпарат беруге сендіргім келеді. Ол үшін Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен арнайы жоспары таяу аралықта қабылданатын болады», - деді ол халық қалаулыларына қарата.