12:19, 24 Қаңтар 2009 | GMT +5
Целиноград ауданында 79 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданында өткен жылы 79 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді,

бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 40 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика басқармасының деректеріне сілтеме жасап. Жыл ішінде іске қосылған тұрғын үйлердің 2 мың 959 шаршы метрі -мемлекеттік қаржы көздерінен, 32 мың 399 шаршы метрі жеке үй салушылар есебінен, қалғаны басқа меншік түрлері арқылы. Осы уақыт аралығында барлық қаржы көздері бойынша тұрғын үй құрылысына екі миллиард 800 миллион теңге, оның ішіндегі 249 миллион теңгесі - республикалық бюджеттен, ал кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер және жекелей үй салушылардың әрқайсысы - 901 миллион теңгеден, ал несие-қарыз көздері бойынша 1 миллиард 648 миллион теңге қарастырылған.