Целиноград ауданында «Біздің ауыл» жобасы аясында сенбілік өтті (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Целиноград ауданында «Біздің ауыл» жобасы аясында «№7 Воздвиженка сайлау округі» бастауыш партиялық ұйымы мүшелерінің ұйымдастырумен сенбілік өтті.
None
None

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметінен хабарлады.

Сенбілікке мемлекеттік мекеме қызметкерлері, дәрігерлер, мұғалімдер мен оқушылар және жергілікті тұрғындардан құралған барлығы 70 адам мен 3 техника тартылды.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бір кісідей сенбілікке шығып көшелерді, үй маңын қоқыстан тазарту тұрып жатқан ауылын сүйетін кез келген азаматтың міндеті. Біздің бүгінгі мақсатымыз да осы. Тұрғындарды тазалыққа шақырып, елді мекеннің, қоршаған ортаның экологиялық- сантиралық жағдайын жақсарту болып табылады», - дейді «№7 Воздвиженка сайлау округі» БПҰ төрағасы Сейфулла Ысқақов.

Шара барысында сенбілікке қатысушылар арасында «Ең таза көше», «Ең таза аула» және «Үздік белсенді қатысушы» байқауы өтіп, оған лайықтылар марапатталды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум