Целиноград ауданында болған өртте бір адам мерт болды

КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданы аумағында желтоқсанның 26-сында түнгі 21 сағат 55 минутта 96-шы разьездегі жеке меншік үйде өрт шығып, 1956-шы жылғы азаматша мерт болды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тілсіз жау тұрғын үйдің 42 шаршы метр аумағын шарпып, әжептәуір материалдық шығын келтірілген. Қазіргі кезде құзырлы орындар өрттің шығу себебі мен келтірілген зиян мөлшерін анықтауда.

Соңғы жаңалықтар