08:36, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
Целиноград ауданында жыл басынан бері 13 023 шаршы метр баспана іске қосылды
КӨКШЕТАУ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданында 2009 жылдың қаңтар-сәуір айында 13 023 шаршы метр баспана пайдалануға берілді,
оның барлығы дерлік жекеменшік үй салушылар есебінен іске қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру мақсатына 547,9 миллион теңге инвестиция тартылса, оның 32,2 миллион теңгесі республикалық бюджеттен, қалғаны кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, жекелей құрылыс жүргізушілер есебінен, 69,7 миллион теңгесі несиелік қаржы көзінен қарастырылған. Жалпы осы уақытта облыс көлемінде тұрғын үй құрылысына бір миллиард 291,2 миллион теңге қаржы ескерілсе, оның 154,6 миллион теңгесі республикалық бюджет, 38,4 миллион теңгесі жергілікті бюджет, 1 миллиард 328,5 миллион теңге кәсіпорындар мен ұйымдар үлесіне жатады.