Чехиядағы энергетикалық конференцияда ЭКСПО-2017 мүмкіндіктері таныстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таборда (Чехия) экологиялық таза энергия көздері үшін технологияларды пайдалануға арналған конференция өтті. Бұл жиян аясында қазақстандық тарап ЭКСПО-2017 көрмесінің мүмкіндіктерін таныстырды.
None
None

Әлемдік энергетика саласындағы инновациялар мен пікірталас алаңына айналатын, балама қуат көздерін пайдалануға үлес қосатын, үздік әлемдік технологияларды таныстыруға мүмкіндік беретін Астанадағы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мүмкіндіктері таныстырылды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Бұл шара Қазақстанның біртіндеп «жасыл» даму жолына өтуіне ықпалдасады.

Қазақстан елшісі Сержан Әбдікәрімов чехиялық компанияларды ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенді қатысып, Астанада өздерінің үздік жасыл және энергиялық-инновациялық технологияларын көрсетуге шақырды.

Конференцияға сонымен қатар Чехияның өнеркәсіп және сауда министрі Ян Младек, Чехияның Оңтүстік Чехия өңірінің губернаторы Йиржи Зимола, ҚР Энергетика министрлігі көмір өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Владимир Клякин, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ халықаралық қатысушылармен жұмыс бойынша департаменттің бас менеджері Ғалым Әріпбаев, ірі энергетикалық компаниялардың басшылары қатысты.

Соңғы жаңалықтар