19:07, 25 Ақпан 2010 | GMT +5
Чехияның конькимен жүгірушісі екі дүркін олимпиада чемпионы атанды
АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат - Чехияның конькимен жүгірушісі Мартина Сабликова Ванкуверде өтіп жатқан XXI қысқы Олимпиадада екі дүркін чемпион атанды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Сабликова алтын медальді 5000 метрлік қашықтыққа жүгіруден ұтып алды. Екінші орынды неміс Штефани Бекерт иеленді. Бұған дейін Сабликова 3000 метрлік қашықтыққа жүгіруден олимпиада чемпионы атанған болатын.