Чехияның Моравослезский өлкесі мен Қазақстан облыстарының арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

АСТАНА.  Қарашаның  4-і.  ҚазАқпарат -   Қазақстанның Чех  Республикасындағы Төтенше және  Өкілетті Елшісі Анарбек Қарашев  қарашаның 2-3-де      Моравослезский  өлкесіне  жұмыс сапарын    жасап,
None
None

 онда    өлке губернаторы Ярослав Паласпен  кездесті.  Бұл туралы Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметінен  хабарлады.

 Кездесу  барысында  өлке  мен  Қазақстан    облыстары арасындағы    ынтымақтастық мәселелері  талқыланды.  Атап айтқанда, тараптар    өлке  губернаторы бастаған   чех  бизнес-делегациясының  арада мықты     экономикалық байланыс орнатылған  Батыс Қазақстан облысына сапар  жасау  мүмкіндігі, сондай-ақ  Қазақстанның басқа да аймақтарымен  шаруашылық байланыстарын  орнату  мәселелері талқыланды. 

Соңғы жаңалықтар