02:49, 20 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Челябіде 16 пәтер өртеніп кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Челябідегі элиталық Благодатово кентінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде өрт шықты. Құбырдағы судың қысымы төмен болғандықтан өрт сөндірушілерге суды цистернамен тасуға тура келген, деп хабарлайды russian.rt.
Тілсіз жауды ауыздықтауға 30 техника және 111 адам жұмылдырылды. Алдын ала мәлімет бойынша, 16 пәтер өртеніп кетті.