Черлак (Ресей) кенті мен Павлодар облысы Железинка ауылының кәсіби оқу мекемелері тәжірибе алмасты

ПАВЛОДАР. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Железинка ауылындағы № 20 колледждің делегациясы РФ-ның Черлак ауылындағы кәсіби училищенің материалдық-техникалық базасымен және кадрларды даярлаумен танысып,
None
None

әріптестерімен оқу мекемелерінің өзара әрекеттестігінің жоспарларын талқылады, деп хабарлады білім беру басқармасынан.

Жақында черлактықтар да Железинкада болды. Қонақтарға ауылшаруашылық кәсіпорындар үшін мамандарды даярлайтын колледждің қызметі туралы айтылды. Аграрлық өндірістің кардларды қажет етуі, ауыл инфрақұрылымын дамыту, колледждің білікті жұмыскерлерді даярлаудағы әлеуметтік серіктестермен өзара әрекеттестігі мәселелері ортаға салынды.

Оқу мекемелерінің басшылары ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Педагогтар мен өндірістік оқытудағы шеберлердің машықтануын өткізу, әлеуметтік серіктестік тәжірибесімен алмасу, бірлескен спорттық сайыстар мен «Үздік аспаз», «Үздік диқан» сияқты байқауларды өткізу қарастырылды.

Соңғы жаңалықтар