18:46, 19 Ақпан 2017 | GMT +5
Чилиде қуатты жер сілкінісі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чилидің солтүстігінде 6,4 магнитудалы жер асты сілкінісі тіркелді.
Сейсмологтардың дерегіне сүйенсек, жер сілкінісінің ошағы жерден 266 шақырымда орналасқан, ал эпицентрі Сокайре қаласынан 74 шақырымда болған.
Артынша 5,1 магнитудалы сейсмооқиға Солтүстік Мариан аралдары ауданында тіркелді. Оның эпицентрі Рота аралының оңтүстік-шығысынан 111 шақырымда, ал ошағы - 14,5 шақырым тереңдікте орын алды.
Екі жағдайда да қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.