Чинарев кенішінде төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында кешенді жаттығулар өткізілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 26 тамыз күні Зеленов ауданы аумағындағы Чинарев мұнайгазконденсаты кенішінде болуы мүмкін ауқымды төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою бағытында кешенді жаттығулар өткізілді.
None
None

БҚО ТЖ департаментінің басшысы Қадыр Бисембаевтың айтуынша, Чинарев кенішінің аймақ үшін де, жалпы Қазақстан үшін де экономикалық маңызы ерекше. Ол төтенше қауіп-қатері мол нысандар тізіміне енгізілген. Мұндай ауқымды жаттығулар кеніште үш жылда бір рет өткізіледі. Бұл жолы жаттығу кезінде қазіргі заманғы мамандандырылған техника қолданылды. Тапсырмалар барынша күрделенді. Ең бастысы, жаттығуға қатысқан барлық қызметтер арасында үздіксіз байланыс қамтамасыз етілді, соның нәтижесінде құтқарушылар жедел қимылдай білді. Жаттығу барысында «жол-көлік оқиғасынан» зардап шеккендерге көмек көрсетілді. Мұнайдың «жануы» да тез сөндірілді.

Жаттығуға ТЖ департаменті қызметкерлері, өрт сөндіру қызметі, сондай-ақ мердігер ұйымдар қатысты. Барлығы сексеннен астам адам, 15-тен астам арнайы техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар