00:42, 25 Қазан 2015 | GMT +5
Clique фестивалінде Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған «Джулия» фильмі көрсетіледі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Clique фестивалінде Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған «Джулия» фильмі көрсетіледі.
Кинокартинаны 1993 жылы «А'Студио» тобының әндерін негізге алып Алексей Беркович түсірген. Көрсетілім 15 қараша күні «Арман» киноорталығында өтеді.
Clique фестивалі Алматыда екінші рет өткізілмек. Биылғы жылы фестиваль 5 қараша күні басталып, 15-іне дейін жалғасады. Clique аясында Венеция, Канн, Берлин кинофестивальдерінің бағдарламаларындағы фильмдер ұсынылмақ.
Былтырғы фестиваль «Бёрдман» фильмінің премьерасымен басталған болатын.
Clique фестивалі қазақстандық продюсер Наргиз Шүкенова мен Болгария режиссері Борис Байковтың бастамасы болып табылады.