Д.Кэмерон ядролық қарудан бас тартқаны үшін Қазақстанға алғыс білдірді
«Оның таңғаларлықтай ауқымы ел әлеуетінің тағы бір көрсеткішіне айналды. Мен британдық «Шелл» компаниясының жобаны іске асыруға атсалысқанын қуанышпен айтқым келеді. Біріккен Корольдік компаниялары күрделі экологиялық жағдайлардағы әзірлемелер жөнінде озық технологияларға ие. Сондай-ақ, мәселен, Солтүстік теңіздегі бірлескен жұмыстар үшін олар әрқашан жергілікті серіктестер табуға талпыныс жасайды», - деді Ұлыбритания Премьер-Министрі.
Д.Кэмерон екі елдің инвестиция ағынын қамтамасыз ете отырып, бизнесті және сауда-экономикалық байланыстарды белсене дамыта алатынына сенім білдірді.
Д.Кэмерон бүгінгі әлемде Қазақстанның алар орнына тоқтала келе, ядролық қарудан бас тарту жөніндегі шешім үшін алғысын білдірді.
«Ядролық қарудан бас тарту, қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруы, экономиканы әртараптандыру - осының бәрі Қазақстанның нақты жетістіктері. Біз мұнай-газ саласында өзара ықпалдастық орнатып қана қоймай, білім беру, мәдениет және Қазақстан үшін стратегиялық мәнге ие өзге де бағыттардағы ынтымақтастықты дамытатын серіктес болғымыз келеді», - деді Ұлыбритания Премьер-Министрі.
Өз сөзін түйіндей келе, Премьер-Министр ауқымды жобаны қамсыздандырып келген және бүгінде қамтамасыз етіп отырғандардың барлығына ризашылығын білдірді.