Д.Медведев ТМД елдерінің премьер-министрлерін Жеңіс күнімен құттықтады

АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев ТМД, Абхазия, Оңтүстік Осетия елдерінің премьер-министрлерін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 68 жылдық мерекесімен құттықтады.
None
None

Бұл туралы РФ үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап РБК хабарлады.

Құттықтау жеделхатында Д.Медведев Ұлы Отан соғысындағы солдаттардың ерлігі осы және келешек ұрпақтың жадында мәңгілікке қалатынына сенім білдірді. Сұрапыл соғыс жылдарында талай ауыртпашылықты бірге еңсерген халықтардың достығы болашақта да сауда-экономикалық, гуманитарлық және басқа да салалардағы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге септігін тигізеді деп атап өтті.

Д.Медведев Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне бақыт, ұзақ ғұмыр, ал бауырлас халықтарға - бейбіт өмір тіледі.

Соңғы жаңалықтар