Д. Ниязбеков - әлем чемпионатының қола жүлдегері

ҚЫЗЫЛОРДА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен еркін күрестен әлем чемпионатында қызылордалық Дәулет Ниязбеков 55 келі салмақта қола жүлдегер атанды. Бұл - осындай дүбірлі додада Қызылорда спорты тарихында осы спорт түрінен жеткен ең алғашқы жоғары жетістік.
None
None

Ниязбеков Даулет Шораұлы -1989 жылы 12 ақпанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Еркін күрестен ҚР спорт шебері. Ол бұған дейін жастар арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері, ҚР чемпионатының жеңімпазы, еркін күрестен ҚР ІІІ жазғы спартакиадасының чемпионы атанды.

Қазіргі таңда жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттығады. Оны әзірлеген жаттықтырушылары - Әбутәліп Аманов пен Жақсылық Оспанов.

Дәулет 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар