Д.Нұрпейісованың 150 жылдығына арналған күйшілер байқауында алматылық А.Әпенова бас жүлдені иеленді - БҚО

АЛ. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Кеше БҚО-ның Жаңақала ауданында Қазақстан халық әртісі, күй анасы Дина Нұрпейісованың 150 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар мәреге жетті.
None
None

Екі күнге созылған республикалық шараға келгендер Құрманғазы, Дина сынды алыптар мүсіндерінің ашылу салтанатына қатысты. Д.Нұрпейісованың мұражайын тамашалап, Қазақстан халық әртісі Қали Жантілеуовтің басына барып, тағзым етті.

Республикалық домбырашылар байқауына Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Алматы облысы мен қаласынан барлығы тоғыз үміткер қатысты. Күй сайысы қорытындысында Алматыдан келген Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның студенті Асылай Әпенова бас жүлдені жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар