Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ұжымы тасқын судан зардап шеккендерге көмек қорына біркүндік жалақыларын аударды

ӨСКЕМЕН. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ұжымы тасқын судан зардап шеккендер үшін «Біздің қала» қоғамдық ұйымы қорының есепшотына біркүндік жалақыларын аударды, жиналған сома 1,5 миллион теңгені құрады.
None
None

Университеттің баспасөз қызметінен хабарлағандай, осыдан бір апта бұрын оқу орнының студенттері тасқын судан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету туралы үндеу тастап, апат аймағына өздерінің алғашқы жүктерін жөнелткен болатын.

Талғат Мамырбаев бастаған студенттер активі гуманитарлық жүкті «Нұр Отанның» қалалық филиалына жеткізіп, партиялықтар өз кезегінде оны апат аймағына жөнелтті.

Соңғы жаңалықтар