Д. Тілеубаевқа қатысты бірінші сатыдағы сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды

Үкім бойынша Д. Тілеубаев 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді және оның мүлкі тәркіленді. Сонымен қатар, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Шенеунік шаруа қожалығының директорынан бағасы 15 миллион теңгені құрайтын орман ағашын, «келешекте қамқоршы боламын» деп бопсалап, мейрамханада ақшалай пара алып жатқан жерінде ұсталды.
Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, Д. Тілеубаевтың өткен жылдың қыркүйек айында, «қамқоршы боламын» деген желеумен, кәсіпкерден мың текше метр орман ағашын құрылыстық қажеттігіне беруді талап еткен. Шаруа қожалығының директоры Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне шағымданған. Екі күн өткен соң кәсіпкер Д. Тілеубаевқа 5 миллион теңгені құрайтын арнайы белгіленген купюраларды берген. Ақшаны алған бойда қаржы полициясының қызметкерлері Д. Тілеубаевты тұтқындаған.
Сотта шенеунік, кәсіпкерден орман жабдықтарын таныстарына алып беріп, тауар құнын артынан төлемекші болғанын мәлімдеген.