Дағдарыс кезеңінде үлкен тәжірибе жинақтаған Үкімет болашақ бағдарламаларды да сәтті жүзеге асыруы тиіс - Елбасы

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Дағдарыс кезеңінде үлкен тәжірибе жинақтаған Үкімет болашақ бағдарламаларды да сәтті жүзеге асыруы тиіс.
None
None

Бүгін ҚР Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлім етті.

«Бүгін жаңа құрамдағы алғашқы кеңесімізді өткізіп отырмыз. Бұл жиын негізінен экономикаға арналады. Біз жақында ғана жедел тәртіппен Үкіметті жасақтадық. Бұған дейінгі жұмысын оң бағалай отырып, біз осы Үкіметтің негізгі ядросын сақтап қалдық. Менің ойымша, бүгінгі Үкімет дағдарыс кезінде үлкен тәжірибе жинақтады, болашаққа бағдарламалар әзірледі. Халық та Үкіметтің қызметін оң бағалауда. Сондықтан бұған дейін қабылданған бағдарламаларды осы Үкімет жемісті жүзеге асырады деп сенемін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Үкіметтің біршама жаңарған тұсын айта келе, алты жаңа министр, бір облыс әкімі тағайындалғанын жеткізді.

«Қайта тағайындалған басшылардың бәрі жас, білімді, бұрынғы қызметтерінде жеткілікті дайындықтан өтті. Сондықтан олар өз істерінің кәсіби мамандары», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар
Референдум