Дағдарыс ширек миллиард адамды жұмыссыз қалдырады

МӘСКЕУ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат – Халықаралық еңбек ұйымының есебі бойынша әлемде жұмыссыздық 7,4 пайызға дейін өседі. Сарапшылардың пікірінше, Ресейдегі жағдай бұдан да қиындай түспекші және жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халқының 12 пайызын қамтымақ,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.Егер 2008 жылы әлемде жұмыссыздар 190 миллион болса, қазіргі кезде олардың саны 210-239 миллионды құрады. Бұл көрсеткіш осындай деректерді жинай бастаған 1991 жылдан бергі ең жоғары деңгей болмақшы, деп айтылған Халықаралық еңбек ұйымының баяндамасында. Құжатта айтылғанындай, еңбек рыногындағы жағдай толассыз құлдырауда. Халықаралық еңбек ұйымының наурыздағы хабарламасы бойынша, 2009 жылы экономикалық дағдарыс 2007 жылмен салыстырғанда жұмыссыздар санын 24-54 миллионға арттыруға әкеп соқтыруы мүмкін. Қазір бұл болжамдар қайта қаралды. Халықаралық еңбек ұйымы дағдарыс 2009 жылы 39-59 миллион адамды жұмыссыз қалдырады деп қауіптенуде. Сонымен қатар, жыл сайын еңбек рыногында 45 миллион адамды толықтырады. Бұл 2009 жылдан 2015 жыл аралығындағы кезеңде оларды жұмысқа орналастыру үшін 300 млн. жаңа жұмыс орындарын құруды қажет етеді. Ал мұны жүзеге асыру барынша күрделі болмақ.
Соңғы жаңалықтар