Дағдарысқа қарамастан халықтың әл-ауқаты төмендеген жоқ - «Нұр Отан» ХДП

АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП-сының бас кеңсесінде Инновациялық комитет төрағасының орынбасары Бауыржан Әбдішев 2009 жылда Халықтық тұғырнаманы жүзеге асырудың алдын ала қорытындысын жария етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның мәліметі бойынша, 2007 жылмен салыстырғанда, ағымдағы жылы қазақстандықтардың ақшалай табысы 33,5 пайызға өссе, жалақының жалпы көлемі 29,5 пайызға артты. Зейнетақы 60,8 пайызға, ал әлеуметтік жәрдемақы 49,8 пайызға көбейді. Денсаулық сақтау саласына құйылған қаржы 557,4 млрд. теңгеге тең болса, білім беру жүйесін дамытуға 782,5 млрд. теңге бөлінген. Бұл өткен екі жылдың көрсеткішімен салыстырғанда, 1,3-1,6 есеге артық.

Соңғы жаңалықтар