Дағдарысқа қарамастан Түркияның «Ahsel holding» компаниясы Қазақстандағы жобаларын тоқтатпайды - «Ahsel holding» директорлар кеңесінің төрағасы

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Түркиялық құрылыс компаниясы басшысының айтуынша, дағдарыс кезінде компанияның Қазақстандағы жобаларының ешқайсысы қатты зардап шекпеген. Барлық жобалар толықтай жүзеге асырылған. «Сондықтан біз Қазақстанда тағы бірнеше құрылыс нысанын салмақпыз. Келер жылы «Анкара Интерконтиненталь» қонақүйі жанынан 50 сотық жерге жаңа сауда кешенін салуды көздеп отырмыз», деді Ахмед Хамди Аян.
Бүгін Түркиялық құрылыс компаниясы жұртшылық назарына салынып біткен «Эдельвейс Ahsel Residense»тұрғын үй кешенін ұсынды. 12 гектар жерде 130 элиталы тұрғын үй орналасқан. Оның 56-ы - таунхаус, 33-і - пәтер, қалғаны - коттедждер. Бәріне де заманауи құрылыс материалдары мен технологиялары қолданылған. Хамди Уилютюрктің айтуынша, қазіргі кезде 130 үйдің 80-і сатылып кеткен.