Дағдарысқа қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыруда оң өзгерістер бар ?Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Қызылордада облыс әкімі Болатбек Қуандықовтың төрағалық етуімен дағдарысқа қарсы кеңес отырысы өтті.
None
None
Оған аудан әкімдері мен басқарма басшылары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Елбасы Жолдауынан туындаған "Жол картасы" бағдарламасы бойынша біздің аймақтағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 4297,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 3164,3 млн. теңге бөлінген. Нақтыланған 185 инвестициялық жобаның 4 бағыты белгіленіп отыр. Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы жүйесін дамытуға, яғни су, кәріз, электр және жылу жүйелерін жабдықтау бағыты бойынша құны 2,6 млрд. теңгенің 54 жобасы әзірленген. Жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу, қайта жаңғырту және салумен байланысты 33 жобаға 3 млрд. теңге қаралған. Ал мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік нысандарды жөндеу мен жылыту бағыты бойынша 1,5 млрд. теңгенің 64 жобасы дайын. Ауылдардағы, қаладағы және кенттердегі әлеуметтік сипаты басым жобаларды қаржыландыруға 352,6 млн. теңге бөлініп отыр. Кеңесте барлық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне "Жол картасына" сәйкес паспорттарды бекіту, бағдарлама әкімшілері мен аудан әкімдерінің арасында келісім-шартқа қол қою, жобаларды веб-сайтқа орналастыру тапсырылған болатын. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бастығы Балжан Шәменованың айтуынша, келісім-шарт пен веб-сайтқа орналастырылған ақпараттар арасында сәйкессіздік бар."Жол картасы" бойынша мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарлары бойынша мамыр айында 324, 554 млн. теңге қаралған болса, оның 194,774 млн. теңгесі - республикалық бюджет қаржысы. Осы қаражаттың ең қомақтысын, яғни 158,0 млн. теңгесін облыстық білім басқармасы игеруі керек. Басқарма басшысының айтуына қарағанда, қаржы игеру мәселесінде алдағы маусым айының жүгі тіпті ауыр болатын сыңайлы. Дағдарысқа қарсы бағдарлама қаржысын жөнімен пайдалану, құжат айналымын реттеу, мәліметтерді жинақтап, тапсырмалардың орындалуын бақылауды аудан әкімдерінің орынбасарлары жіті қадағалауы керек. Осы орайда қаржы басқармасы мамандарын әдістемелік көмек көрсету үшін арнайы іссапармен аудандарға жіберу ұсынылды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум