Дағдарысқа қарсы жұмсалуы тиіс 560 млрд. теңге ұлттық холдингтердің есепшоттарында немесе банк депозиттерінде жатыр ? Есеп комитеті

АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Дағдарысқа қарсы жұмсалуы тиіс 560 млрд. теңге ұлттық холдингтердің есепшоттарында немесе банк депозиттерінде жатыр. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде Үкіметтің 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстыру барысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы
None
None
Омархан Өксікбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жалпы алғанда, 2008 жылғы бюджеттің негізгі параметрлері Мемлекет басшысының Жолдауындағы басым бағыттарды сақтай отырып жүзеге асты деген қорытынды шығаруға болады. Дегенмен де, нақтыланған жоспарларды, салықтық түсімдерді тексеру барысында біршама қаражаттың тиімсіз пайдаланылғаны, ұлттық холдингтердің әлеуметтік өзекті мәселелерді шешуге қатысты мүмкіндіктерді жіберіп алғандығы көрініс тапты. Мәселен, Есеп комитетінің бақылау-талдау іс-шараларының нәтижесінде 12,9 млрд. теңгелік қаржылық заңбұзушылықтары анықталды. Ұлттық қордан дағдарысқа қарсы іс-шараларға бөлінген қаражатты уақтылы игеру қамтамасыз етілмей отыр. Соның салдарынан дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген 560 млрд. теңге ұлттық холдингтердің, олардың еншілес ұйымдарының есепшоттарында немесе екінші деңгейлі банктердің депозиттерінде жатыр», - деді О. Өксікбаев. Естеріңізге сала кетейік, дағдарысқа қарсы шаралар жоспарын іске асыру бойынша негізгі оператор «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» белгіленген. Аталмыш қорға тұрақтандыру бағдарламасы аясында 607,5 млрд. теңге берілсе, оның 476,0 млрд. теңгесі екінші деңгейлі төрт банкке бөлінген.
Соңғы жаңалықтар
Референдум