Дағдарыстан кейін дүниежүзінде Қытай, Үндістан сияқты жаңа экономикалық орталықтар пайда болады - профессор О.Сәбден
Бұл жайында бүгін экономика ғылымының докторы Оразалы Сәбден айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, 1980 жылдардың басында дүниежүзі бойынша жалпы ішкі өнімнің көлемі мен қаржылық активтердің көлемі бірдей болып, ақша мен тауар аламасып отырған. Ал, дағдарыстың алдында 2007 жылғы есеп бойынша, ішкі өнімнен ақшаның салмағы 12 есеге асып кеткен.
Ал экономика дағдарыстан кейін қалай даму керек, нені ескеру қажет дегенге ғалым консептуалды алты мәселені алға қояды.
Біріншіден, ол алдағы уақытта халықаралық институттардың рөлі өсетіндігін, немесе ол тарап қаржы реттеу жүйесі құрылатындығын айтады. Сонымен қатар, дүниежүзілік валюта мәселесі қойылуы мүмкін, дүние жүзінде дамыған мемлекеттер, белгілі қоғам ұйымдары, террор, климат жылуы, аштық, білім, ауру, адамға ажал әкелетін мәселелер мен айналысуы тиіс, адамзат өз қолымен жасаған қиындықты өзі шешпесе, сол құрсауда қалатындығын айтады. Екінші мәселе, дағдарыстан кейін дүниежүзінде Қытай, Үндістан сияқты жаңа экономикалық орталықтар пайда болатындығын айтады. Дүниежүзінің даму орталығы Азия -Тынық мұхиты аумағына ауысуы мүмкін. Осы тұста Қазақстан шығысқа да бет бұрғаны дұрыс болатындығын айтады. Үшіншіден, дағдарыс кей мемлекеттерге әрине үлкен қиыншылықтар алып келді, ал кейбір елдер дағдарысты ауыздықтады. Ал бай мемлекеттер кедей елдердің табиғи ресурстарын пайдаланбақшы. Олар өздеріндегі артық ақшасын кедей мемлекеттердің меншігіне алмастыру арқылы экспо-интеграциялы жолмен шешпек. Немесе, инвестиция береміз деп тағы да қарызға отырғызуы мүмкін, дейді О.Сәбден. Төртінші мәселе, қай мемлекет болмасын, дағдарыстан шығу үшін өзінің стратегиялық жоспары болуы керектігін айтады. Ол жоспар жаңа технологияға, өндіріске, білімге, ғылымға бағытталуы керектіні жеткізді. Ал Қазақстан үшін ішкі несие көзіне бағытталған және шеттен қорғайтын мықты қаржылық инвестициялық жүйе керектігін айтып өтті. Бесінші мәселе, дағдарыстан соң 6-шы технологиялық уклад меңгеріле басталатындығын айтады. Мұның негізінде нанотехнология, биотехналогиялар игеріле бастайды. Технологиялық укладтың дамуынан біз 50-60 жыл артта қалып отыр екенбіз. Алтыншы, келешекте интеллектуалды экономика дамиды, ол адамның біліміне, ғылымына, интеллектуальды мүмкіндіктеріне арналған болады. Интеллектуальды экономика дегеніміз - адамның өмір сүру деңгейіне, оның өмір сүруіне жағдай жасау, денсаулығы, рухани қажеттілігін қамтамасыз ету және тағы басқалар. Міне 10 томдық таңдамалы еңбегімде 18 жылда егеменді ел болғалы біз қалай дамыдық, қандай қиындықтар болды, қандай мүкіндіктерді жіберіп алдық, қандай жетістіктерге жеттік дегендей Қазақстанның жаңа экономикасы жазылған, дейді ғалым Оразалы Сәбден.