Дағдарысты еңсерудің жайы талқыланды

ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мұрат Мұхамедов Елбасы Жолдауының мазмұны мен мәнін түсіндіруге арналған жұмыс сапарын Жалағаш, Сырдария аудандарында жалғастырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жалағашта салынып жатқан 1200 орындық мектеп пен 200 орындық интернат құрылысымен танысқанда ол атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді. Ғимарат қыркүйек айында пайдалануға берілуі тиіс.Аудандық мәдени-сауықтыру кешенінде өткен жиында Мұрат Мұхамедов Елбасының биылғы халыққа арнаған Жолдауынан жергілікті атқарушы органдарға қойылатын негізгі міндеттерге тоқталды. Биылғы Жолдаудың жылдағыдан ерекше болғанын, сол арқылы халық өз көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алғанын айта келе, Президент бүгінгі қалыптасып отырған экономикалық дағдарысқа, оның елімізге тигізіп жатқан әсеріне қарсы Үкіметтің атқарып жатқан шараларынан хабардар етті. Жұмыссыздық мәселесі мен оны болдырмау шаралары, денсаулық саласы бойынша ана мен бала саулығы, өкпе ауруларымен күрес мәселесі төңірегінде ауқымды жұмыстар атқарылуы тиіс. Алдағы уақытта облыс бойынша 9445 жаңа жұмыс орны ашылу тиіс болса, оның 590-ы Жалағаш ауданы үлесінде. Денсаулық сақтау саласы бойынша Жалағаш ауданы қатты сынға алынды. Өкпе аурулары, ана мен бала денсаулығы басты назарда тұр. Алайда бұл бағытта жасалар жұмыс әлі де аз емес. Ауданда бүгінде 32 жоғары білікті маман жетіспейді. Кадр дайындау, оны қайта даярлау бағытында жұмыстар жасалуда. Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша Жалағаш ауданы соңғы орында. Мұндай жағдай білім беру деңгейінің төмендігінен орын алып отыр. Аудан әкімі Өмірбек Шәменов бұл бағытта жұмыс жасалып жатқанына, нәтижесі оң боларына сендірді. Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары барлық қиындықтардың өз шешімін табатынын айта келе, кейбір мектеп басшыларына сын-ескертпелер жасады. Сырдариядағы жиында аудан әкімі Сұлтанбек Тәуіпбаев баяндама жасап, Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер мен ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жайында әңгімеледі.Мұрат Мұхамедов биылғы Елбасы Жолдауының дағдарысқа бағытталуының негізгі мақсатына тоқталды. Дағдарыстан қаншама мемлекет зардап шегіп жатыр, оның салқыны бізді де айналып өтпейді, Жолдауда көрсетілген әрбір міндет тиянақты жүзеге асырғанда ғана қиналмай өтуге болады. Бір кездері әр қилы пікір тудырған ұлттық қордың қиналған кезеңде пайдасы зор болды. Бұдан әрі жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін негізгі міндеттерді таратып айтып берді. Жалағаш ауданы секілді бұл өңірде де ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының жоқтығы қиындық туғызып тұр. Осыған байланысты оқушылардың жатын орны жөнінде ұсыныс жасалып, ол толық шешімін табатын болды. Денсаулық сақтау, жұмыспен қамту салаларында да шешімін күткен түйін бар. Басқа аймақтар секілді жас кадрларға мұқтаждық басым. Әйтсе де оны шешудің тиімді тетіктері қарастырылған.
Соңғы жаңалықтар
Референдум