Дағдарыстың екінші толқыны болмайды - Forex club компаниясы тобының талдаушысы

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Дағдарыс шикізаттық бағыттағы экономиканың әлемдік конъюнктураға қаншалықты тәуелді екенін көрсетті. Оны Forex club компаниясы тобының талдаушылары бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біз экономикада енді кері кету болмайды деп санаймыз. Дағдарыстың екінші толқыны күтіліп отырған жоқ. Баяу болса да экономиканың қалпына келуі жүріп жатыр. Алғашқы жартыжылдықта Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 8 пайызға өсті. Сыртқы сауда айналымы 69 пайызға ұлғайды", дейді Forex club компаниясы тобының талдаушысы Анатолий Хегай. Оның айтуынша, алдағы 2-3 жылдың ішінде бәрі жақсы болады. Мәселе Қазақстанның сыртқы борышында. Ол 110 миллиард долларды құрайды. Сондай-ақ айтарлық деңгейде болмаса да бюджет жетімсіздігі артуда. Қазіргі таңда ол жалпы ішкі өнімнің 4 пайызынан асып отыр. Дегенмен оны да шешуге болады. Дағдарыс кезінде алынып тасталған мұнайдың экспорттық алымының қайта енгізілуі соның бір жолы деуге болады.

Соңғы жаңалықтар