«Дакар-2012» автокөліктер жарысының 4-ші кезеңінде қазақстандық «Астана» 9-шы болып келді

АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Артур Ардавичустің басшылығымен бұл додаға қатысып жатқан қазақстандық «Астана» командасы «Дакар-2012» ралли-рейдінің 4-ші кезеңінде тоғызыншы болып келді,
None
None

деп хабарлады SportLive.kz сайты.

Атап айтқанда, 4-ші кезеңде жүк көліктерінің арасында «МИНИ» француз командасының жүргізушісі Стефан Петерансель бірінші келді. Екінші және үшінші болып мәре сызығынан «Тойота» өкілдері аргентиналық Орландо Терранова мен оңтүстікафрикалық жинель де Виллерес.

Жалпы есепте қазақстандық команда бесінші орында келе жатыр.

«Дакар» жалпы 14 кезеңге созылған. Айта кетейік, «Астана» командасы бұл додада «КАМАЗ» көлігімен жарысқа түсіп отыр.

«Дакар-2012» жарысы биыл Аргентинадан басталды.

Соңғы жаңалықтар