Дала өртінен сақтану мақсатында оқу-жаттығу өтті
Бұл туралы ОҚО әкімдігі баспасөз қызметінен хабарланды.
Шараның мақсаты - тәжірибелік іс-қимылдардың ауданаралық жоспарын сынақтан өткізу, машықтандыруды жетілдіру, дала-орман өрттерін сөндіру кезінде жергілікті атқарушы органдардың және тиісті облыстық ведомстволар бөлімшелерінің өзара әрекеттесуінің тиімділігін көтеру болып табылады. Аталған шараға төтенше жағдайлар департаментінің, облыстық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттар мен зілзала апаттарының алдын-ала ескерту және жоюды ұйымдастыру басқармасының қызметкерлері мен облыс қала, аудандарының төтенше жағдайлар комиссияларының төрағалары қатысты. Оқу жаттығуларына 6 өрт сөндіру техникасы, 7 бейімделген көлік техникалары, 14 патрульдік УАЗ, НИВА автокөліктері, 4 трактор, 57 радиостанса, 172 аспалы су шашатын құрал, 7 мотопомпа, 7 ара және тағы басқа құралдар жұмылдырылды.