09:39, 20 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Дала өрттері сөндірілді-ТЖМ
ТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында жексенбі күні 500 гектар алқапта дала өрті басталды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Өрт 12 сағаттан кейін жойылды. Жалынды ауыздықтауға Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамының 4 адамы, 1 бірлік техникасы және 87 адам қатысты.
Бұдан басқа Шығыс Қазақстан облысының Семей ауданында Новобаженов ауылдық округінің аумағында жексенбі күні 300 гектар дала өрт болды, ол келесі күні таңертең сөндірілді. Оған ШҚО ТЖД 25 адамы мен 8 бірілк техникасы, Новобаженов ауылдық оркугінен 10 адам және 3 техика жұмылдырылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.