Дәлелдемелерді бұрмалаған тергеушіге 1 млн. жуық теңге айыппұл салынды - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақжайық аудандық сотының үкімімен А. дәлелдемелерді бұрмалағаны үшін ҚР ҚК 416-бабы 4-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, оған 926 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
None
None

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, А. оған қоса 1 жыл мерзімге ішкі істер органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды. Аталған қызметкер сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырушы тұлға бола тұра, қылмыстық істі жүргізу барысында дәлелдемелерді бұрмалауға жол берген.

Сот талқысында сотталушы кінәсін мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісім талаптарымен келісетінін көрсетті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар