Дамаск Сирия бойынша жан-жақты атысты тоқтату туралы хабарлады

– Сирия халқы арасындағы қантөгісті болдырмау үшін және мемлекеттің ұлттық және гуманитарлық жауапкершілігіне сәйкес, жан-жақты атысты тоқтату туралы шешім қабылданды, - делінген хабарламада.
Сирия билігі қақтығысқа қатысушы барлық тарапты атысты тоқтатуды жүзеге асыру, жағдайды тұрақтандыру және қантөгісті тоқтату үшін мемлекеттік мекемелер мен қауіпсіздік күштерін қажетті кеңістікпен қамтамасыз етуге шақырды.
Мәлімдемеде барлық қарулы қақтығыс пен соғыс қимылдарын дереу тоқтату, сондай-ақ бейбіт тұрғындарды қорғау және гуманитарлық көмекке кедергісіз қол жеткізуге кепілдік беру қажеттілігі атап өтілген.
Әкімшіліктің хабарлауынша, Сирияның қауіпсіздік күштері атысты тоқтату режимін қадағалау, қоғамдық тәртіпті сақтау және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазірдің өзінде бірқатар аймаққа орналаса бастады. Бұл шаралар елдегі «тыныштық пен тұрақтылықты нығайтуға» бағытталған.
Бұған дейін АҚШ билігі Сириядағы қақтығысты тоқтатуға уәде берген болатын.