"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорында кадрлық өзгерістер болды

АЛМАТЫ. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының директорлар кеңесі орталық аппараттың құрылымын оңтайландырып, басқарма құрамын кеңейту туралы шешім қабылдады.
None
None

Қордың баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасындағы "Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту" туралы жаңа бағыттың енгізілуіне байланысты басқарма төрағасы орынбасарларының қатары Бекжан Қалибековпен толықты. Ал жаңа бағыттың жүзеге асуына Астана қаласындағы жауапты орынбасар болып Асқар Есімов тағайындалды. Сондай-ақ, жаңадан 3 басқарушы директор тағайындалып, басқарма мүшесі болды. Қаржы мәселелеріне жауапты Гүлшат Имашева бухгалтерлік есеп, активтерді басқару және бюджеттік жоспарлау салаларына жетекшілік жасайды. Бағдарламалық заемдар жөніндегі басқарушы директор Қанат Сұлтанғазиев екінші деңгейлі банктер мен лизингтік компанияларға қаражаттарды орналастыруды және бөлінген қаржының мақсатты және тиімді игерілуінің мониторингіне жауапты болады. Ал Ғабит Лесбеков корпоративтік даму, халықаралық ынтымақтастық және кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалы қолдауды кеңейтуге басшылық етпек.

Соңғы жаңалықтар
Референдум