10:31, 01 Маусым 2009 | GMT +5
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорынан бөлінген несиенің 225 миллион теңгесі игерілді ?Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына бойынша «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорынан бөлінген 322 миллион теңгенің 225 миллион теңгесі игеріліп, белгіленген 17 жобаның 15-і іске асырылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бөлінген қаржының 45 миллион теңгесі ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге, 145 миллион теңгесі сауда-саттықты дамытуға, 14 миллион теңгесі қоғамдық тамақтандыру жүйесінде игеріліп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына себепкер болып отыр. Қордан қарастырылған несие «АТФБанк» арқылы Көкшетау қаласында аумағы 305 шаршы метрлік дәмхана мен Щучье-Бурабай курорты аймағында мейманхана құрылысын аяқтауға бағытталған. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қорынан қарастырылған қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде Көкшетау мен Щучье қалаларында 27 өтінім бойынша берілген 168 миллион теңгеден астам қаржының 10 миллион теңгесі игерілді.