«Даму» КДҚ-ның төрағасы ақтөбелік банкирлермен кездесті

АҚТӨБЕ. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбе облысына «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның төрағасы Ләззат Ибрагимова келді.
None
None

Екінші деңгейдегі банктердің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысуымен облыстық әкімдікте «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының іске асуына байланысты дөңгелек үстел өтті.

«Дөңгелек үстелге» бағдарламаның іске асырылуына қатысатын екінші деңгейдегі 15 банктің өкілдері шақырылды.

Отырыс барысында кәсіпкерлерді несиелендіру бойынша кепілдендіру ретінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы талқыланды.

«Ақтөбе облысы ай сайын өткізілетін мониторинг нәтижелері бойынша «Бизнестің картасын» іске асыруда көш бастап тұр. Біз бағдарламаның іске асып жатқан қадамдарына, кәсіпкерлердің аталмыш бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін құралдардың барына көңіліміз толады», - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрмұхамбет Әбдібеков.

«Дөңгелек үстелден» кейін Ләззат Ибрагимова «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша іске асырылып жатқан бірқатар нысандарды аралады.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында аталмыш бағдарламаның іске асырылуынан бастап 21,5 млрд. теңгеге 115 жобаға қол қойылды. Соның нәтижесінде 2 мыңнан астам жұмыс орны құралды.

Соңғы жаңалықтар