«Даму-Көмек» бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге қамқорлық көрсетілуде
«Арба» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Наталья Щербакова мен Татьяна Киняева «Даму» қорына өздерінің кәсібін кеңейту бағытында өтініш жасаған. Бұл үшін оларға қазіргі заманғы тігін машиналары керек. Оларға «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС басшысы Валерий Крылов қолдау көрсетті. Бұл оның бірінші демеушілігі емес.
Екінші топтағы мүгедек Светлана Ильясованың жартылай фабрикаттарды өндіретін жеке кәсіпкерлігі бар. Қыркүйек айында ол тоңазытқыш алуға өтініш жасаған. Бұған да демеуші табылды, бірақ ол өз аты-жөнін атауды қолай көрмепті.
«Даму» қоры аймақтық филиалының директоры Әлия Сәлиеваның айтуынша, қор кәсіпкерлер мен мүгедектер арасындағы байланыстырушы буын іспеттес. Мүгедектерден түскен өтініштер «Даму-Көмек» бағдарламасының сайтында тіркеліп отырады. 2010 жылы осындай 29 өтініш орналастырылса, соның біреуі сол жылы, 15-і 2011 жылы қанағаттандырылды.