«Даму» қоры Алматы облысында 1732 адамды бизнес жүргізудің негіздеріне оқытты
«Бизнес-кеңесші» бизнеске-оқыту бағдарламасын жүзеге асыру 2009 жылы біздің облыста бастау алды. Өткен сессиялар нәтижесінде семинар тыңдаушыларының саны 4500-ден асты, барлық аудандарда жұмыс атқардық, жүргізілген маркетингтік зерттеулер атқарылып жатқан жұмыстардың тиімділігін, пайдалылығын және өзектілігін көрсетті», - деп атап өтті «Даму» қорының Алматы облысы бойынша директоры Ринат Талтүсов.
Ағымдағы жылы қор облыстың барлық аудандарында 56 семинар өткізді.
Еске сала кетсек, «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша семинарлар үстіміздегі жылдың 30 мамырынан басталған болатын. Бағдарлама аясында әрбір аудан мен қалада «Кәсіпкерліктің жедел курсы» атты екі күндік курстар өткізіліп, кіші және орта кәсіп субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамалары бар тұрғындарға ақпараттық-консалтингтік қолдау көрсетілді.