«Даму» қоры «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын түсіндіруде

ТӨБЕ. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Ақтөбе филиалы кәсіпкерлер арасында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жайында түсінік жұмыстарын жүргізуде.
None
None

Кезекті ашық есік күні «ЦентрКредитБанкі» АҚ филиалымен бірлесіп «Ақтөбе» қонақ үйінің конференц-залында өткізілді.

Банк пен «Даму» қорының өкілдері кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жеке бизнес субъектілерін қаржылай және басқадай қолдаудың негізгі бағыттары туралы әңгімеледі. Атап айтқанда, банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және кепілдіктер ұсыну тетіктері таныстырылды, жобаларды субсидиялау және кепілдендіру мәселелері бойынша мысадар мен есептемелер келтірілді.

Қазірдің өзінде «Бизнесің жол картасы» ауқымындва мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкерлер бизнесті дамыту үшін неғұрлым оңтайлы бағдарлама шарттары туралы әңгімеледі, ал үнемделген қаржы қосымша салымдарға жұмсалады. Мәселен, «Тенус» ЖШС бұл ақшаға көлік сатып алды, ал «Керамика» АҚ қосымша жабдықтар сатып алмақ.

«ЦентрКредитБанкі» АҚ-ның Ақтөбе қаласындағы филиалы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының белсенді қатысушысы болып отыр», - дейді «Даму» қоры филиалының менеджері Айнагүл Байдәулетова. - Бірінші бағыт бойынша «Бизнес-бастамаларды қолдау» жобасына банк 2,43 млрд. теңгенің 11 жобасын мақұлдады.

Екінші бағыт «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» жобасы бойынша жалпы көлемі 212,8 млн. теңгенің пайыздық мөлшерлемелерін судбсидиялау бойынша «Даму» қоры, «ЦентрКредитБанкі» және жеке кәсіпкерлік субхъктілерімен 3 жақты шарттарға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар