«Даму» қоры халықаралық ынтымақтастықты кеңейту аясында екі меморандумға қол қойды

АЛМАТЫ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры, Италия-Қазақстан сауда палатасы, Парм Өнеркәсіпшілер одағы және «Атамекен одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы арасында меморандумдарға қол қойылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны «Даму» қоры шағын және орта бизнесті қолдаудың қаржылық және қаржылық емес бағдарламаларын жүзеге асырудағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту аясында жасады. Екіжақты меморандумға қордың Басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Ибрагимова мен Италия-Қазақстан сауда палатасының атқарушы директоры Марко Граната қол қойды. Ал төртжақты меморандумда олардың қатарын «Атамекен одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Барлыбаев пен Италиядағы Парм өнеркәсіпшілер одағының Бас директоры Чезаре Аццали толықтырды. Мақсат - Қазақстан мен Италия арасында экономикалық ұзаққмерзімді ынтымақтастықты белгілеу және шағын және орта бизнесті дамыту саласындағы өзара әріптестікті жақсарту.

«Итальяндықтар үшін «Даму» қорымен ынтымақтастық жасау өте маңызды. Өйткені ол қазақстандық және итальяндық компаниялар үшін де кепіл бола алады. Менің ойымша, Италияда да осындай құрылым құру керек деп ойлаймын. Ол банктер, кәсіпкерлер, операторлар арасындағы операциялар ашық болу үшін керек. Біздің «Даму» қорымен әріптестік қарым-қатынасымыз серіктестер мен жобалар іздеу негізінде жүреді. Бүгінгі меморандум екі елдің арасындағы ынтымақтастықты дамытуға серпін береді», дейді Марко Граната.

Соңғы жаңалықтар