«Даму» қоры кәсіпкерлікті дамыту бағытында Азия даму банкінен ағымдағы жылы 228 млн. доллар тартады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Даму» қоры кәсіпкерлікті дамыту бағытында Азия Даму Банкінен ағымдағы жылы 228 млн. доллар тартады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде отандық бизнесті дамыту мен қолдау тақырыбы бойынша өткен брифинг барысында мәлім болды.
None
None

Ұсынылған мәліметтерге қарағанда, «Даму» Қоры экономиканың басым секторларын қаржыландыруға шетелдік қорландыруларды тартуда. Атап айтқанда, шетелдік қаржы институттарының арасында Азия даму банкінен несиелік желі аясындағы жалпы сомасы 500 млн. доллардың 272 млн. доллары тартылды. Тұтастай алғанда банктен 2015 жылы 228 млн. доллар тарту жоспарлануда. Сонымен қатар, Еуропалық қайта құру және даму банкімен 10 млрд. теңге сомасындағы келісімге қол қойылған болатын. Бұл ретте 5 млрд. теңге көлеміндегі 1-транш алынды, жыл соңына дейін 2-транш тартылады деп жоспарлануда

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Ғабит Лесбековтің айтуына қарағанда, кәсіпкерлерді қаржыландыру үшін жергілікті атқарушы органдардың қаржылары тартылуда. Мәселен, Астана қаласы өңірлік қаржыландыру бағдарламасын іске асыруға қала әкімдігі - 500 млн. теңге, ал «Даму» қоры 1 млрд. теңге бөліп отыр. Аталған бағдарламаға өз жобаларын Астана аумағында іске асыруды жоспарлайтын немесе іске асырып жүрген Астана кәсіпкерлері қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар