«Даму» қоры қазақстандық кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2020» ауқымында 200 млрд. теңгенің несиесін берді

ТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қазақстандық кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2020» ауқымында 200 млрд. теңгеден астам несие берді. Бұл туралы бүгін қордың баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«2011 жылғы 12 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты - «Жаңа бизнес бастамаларын қолдау» бойынша - жалпы құны 62,0 млрд. теңгеге 322 субсидиялау шарттары, жалпы құны 4,1 млрд. теңгенің 16 шартын кепілдендіру несиелері берілді. Екінші - «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» бағытын жүзеге асыруға жалпы құны 98,9 млрд. теңге несиелерді 102 субсидиялау шарттары жасалды. Үшінші - «Кәсіпкерлерің валюталық тәуекелдерін төмендету» бағыты ауқымында жалпы құны 36,1 млрд. теңгенің несиелерін судсидиялаудың 38 шарты жасалды», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тұтастай алғанда, бағдарламаның үш бағыты бойынша жалпы саны 32 мыңнан астам қызметкерлері бар 488 кәсіпорынға қолдау көрсетілуде. Бұдан басқа, 18 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Аймақ бойынша алғанда, Қарағанды облысында жалпы құны 17,1 млрд. теңгенің 61 жобасы, Ақтөбе облысында - несиелердің жалпы құны 13,3 млрд. теңгені құрайтын 55 шарт және Алматы қаласында несиелерінің жалпы құны 14,4 млрд. теңгенің 37 шарты жасалып, неғұрлым көп ауқымды қамтыған.

Соңғы жаңалықтар