Даниал Ахметов Семей әкімдігіне тапсырмаларды орындауға 3 ай мұрсат берді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өңір әкімі Даниал Ахметов ҚР Президентінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды орындауға Семей қаласының атқарушы билігіне үш ай мұрсат берді.
None
None

«Бір айдан кейін тағы да келем. Сонда қаланың сол жағасындағы қандай желілерді жаңғырту қажеттігін хабарлаңыздар. 2025 жылға дейін жылумен жабдықтау схемасына сәйкес жағдайды түзетуіміз қажет, - деді әкім қала әкімімен және депутаттармен кездесуде. - Сол жағалауда қуаттар 501 Гкалорияны құрап отыр, 2025 жылға дейін ол 640-қа жетеді. Бірақ та ЖЭО-1-де қуаттарды ұлғайту мүмкіндігі бар. Сондықтан да 2025 жылға дейін проблеманы шешуге болады, мәслихат депутаттары да, қала әкімі де - инженерлік инфрақұрылымды қараңыздар.

Семей әкімдігіне сондай-ақ бір ай ішінде электрмен және сумен қамтамасыз ету және су бұру схемасына сәйкес бәрін қарау тапсырылды. « Атап айтқанда, бір ай ішінде су тазартатын құрылыстарды алты айдан кейін пайдвлануға беру жөніндегі ұсыныстарыңызды беріңіздер. Бір айдың ішінде менің келесі сапарыма дейін әкімдік Семейдің тазарту құрылыстары бойынша жіті ақпарат беруі тиіс», - деді ШҚО әкімі.

Жергілікті билікке тағы бір тапсырма - 2015-2017 жылдардағы кешенді үй құрылысы жобасымен айналысу қажет, соның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы да қамтылуы тиіс. Қаланы сәулеттік тұрғыдан жақсартуға назар аудару қажет, деп атап өтті ШҚО әкімі.

«Бұл міндеттер қала әкімі мен әкімдігіне жүктеліп отыр, мәслихатпен бірлесіп жұмыс жасаңыздар, бірақ бір айдың ішінде бәрі болуы тиіс. Бұл міндеттерді орындауға болады. Олармен айналысу қажет», - деді Даниал Ахметов.

«Құрылыс қаланың барлық индустриясына серпін береді, қалада бұған өндіріс жеткілікті, үй салуға керектің бәрі бар. Желтоқсанда мен бұл мәселелерді және таяудағы үш жылдың ішіндегі тұрғын және әлеуметтік құрылыс перспективаларын қараймын, - деп қосты ШҚО әкімі . - Сұраныс жүйесі былай болады: бүгінде қала шекті рұқсат етілген шығарындыларды қамтамасыз етумен қаншалықты жұмыс жасап отыр, Президент айтқан бағдарламаға ілігу және ресурстар алу үшін техникалық-экономикалық негіздемелер жасаумен айналысу қажет. Қаңтар айында Семейдің 2015 жылы абаттандырылуын және таяудағы бірнеше жылға перспективаларды қараймыз».

Даниал Ахметов ауыл еңбеккерлерін ауыл шаруашылығын дамытуға көңіл бөлуге шақырды. «Агробизнес-2020» мемлекеттік қолдау бағдарламасының барлық төрт бағытына ШҚО-ның барлық аудандары кіруі тиіс. Әкім сондай-ақ Семей билігімен ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол» Жолдауынан туындайтын міндеттерді талқылады. «Шығысқазақстандықтар бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін атқарушы және өкілетті билік, бизнес бірлесе жұмыс жасаулары тиіс», - сөзін түйді Д.Ахметов.

Соңғы жаңалықтар