Дархан Мыңбай ҚХА Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дархан Мыңбай Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
None
None

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Дархан Қамзабекұлы Мыңбай Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайының директоры қызметінен босатылды», - делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар