Дариға Назарбаева Алматының ТЖД базасындағы «112» диспетчерлік қызметінің жұмысымен танысты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева және Парламент сенатының депутаттары, комитет мүшелері Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті базасындағы «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің жұмысымен танысты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Дариға Назарбаевға «Алматы-2020», «Қауіпсіз қала» даму бағдарламасы бойынша алынған құрылғылар таныстырылды.

Нақтырақ айтқанда, аталған департаментке құлақтандыру жүйелерінің елуден астам сиреналық-сөйлеу құрылғыларын сатып алуға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген. Құрылғылар Алматы қаласының ең осал учаскелерінде орнатылған.

Сиреналық-сөйлеу құрылғылары бір жерден сиренаның дыбысын шығарып, халықты құлақтандырады. Бұл қажет жағдайда дыбыстық дабылдан басқа, халыққа дауысты нұсқаулықтар бере алады.

Алматы тұрғындарын хабардар ету аумақтық автоматтандырылған кіші жүйесін құру шеңберінде Алматы қаласының ТЖД 2015 жылы жергілікті бюджет есебінен «Азаматтық қорғаудың бірыңғай медиа-серверін» құрды. Ол құрылғы арқылы трансляциялауды үзе алады немесе ұстай алады. 

Сонымен қатар, 2015 жылғы ақпан айынан көппәтерлі тұрғын үйлерде домофон арқылы төтенше жағдай қаупін ескертетін шұғыл ақпарат жүйесі жұмыс жасайды. 

null null null null 

Соңғы жаңалықтар