Дәрілік заттарды сатып алуда 15 млрд теңгеден астам қаржы үнемделген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Амбулаториялық қамтамасыз ету үшін  дәрі-дәрмекті сатып алуды орталықтандыру шамамен 12 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді.  Тағы 3 млрд теңге стационарлық медициналық көмек үшін дәрі-дәрмек сатып алу кезінде үнемделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Үнемделген 15 млрд теңге қосымша дәрілерді сатып алуға жұмсалады, бұл науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен көбірек қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«СҚ-Фармация» Басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Шария Исмұханованың айтуынша, мұндай үнемдеуге сатып алуды орталықтандыру және барлық аймақтардың қажеттілік көлемін шоғырландыру арқылы қол жеткізіліп отыр. ««Көтерме бағамен арзанрақ»  қағидаты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде де жұмыс істейді». Өнім берушілер бүкіл республикаға арналған көлемді орталықтандырылған түрде сатып алу кезінде, бағаны айтарлықтай төмендетеді.

Бұдан басқа, Бірыңғай дистрибьюторда бағаны төмендетудің тиімді тетіктері бар. Мысалы, зауыттардан делдалсыз 90-ға жуық баламасы жоқ препаратты, тағы 15-ін халықаралық ұйымдар арқылы сатып аламыз. Дегенмен, бағаны барынша төмендетуге дәрі-дәрмекті екі кезеңдік сатып алу шеңберінде жүзеге асырылатын бағаны төмендету аукционы арқасында қол жеткізіліп отыр», - деп атап өтті Бірыңғай дистрибьютор басшысы.

Ең көлемді үнемдеуге эндокриндік жүйе ауруларын емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді сатып алу кезінде қол жеткізілді, бұл - 3,7 млрд теңге. 2,4 миллиард теңге қан, қан түзуші ағзалар аурулары мен иммундық ақауды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді сатып алу кезінде үнемделді. Тағы қан айналымы жүйесінің ауруларын емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді сатып алу кезінде 2,1 млрд теңге үнемделді.

Дәрі-дәрмектерді орталықтандырылған сатып алудың ең басым артықшылығы ОҚО-да болды, онда дәрілерді сатып алу кезінде шамамен 2 млрд теңге үнемделді. Шығыс Қазақстан облысында 1,8 млрд теңге, ал Алматы мен Қарағанды облыстарында 1,6 және 1,4 млрд теңге үнемделген.

 

Соңғы жаңалықтар