Дарынды балалар үлкен қалаларда да, шалғай ауылдарда да жетерлік ? мектеп оқушыларының аудандық олимпиадасы

АЛМАТЫ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат – Алматы облысының Қарасай ауданында наурыздың 14-інде жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптары оқушылары арасында физика мен математика пәндерінен олимпиада өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат оны ұйымдастырушылар ? ҚР тұңғыш Президенті қоры қамқоршылығымен өткізетін аудандық білім қорына сілтеме жасап. Олимпиада А.С. Пушкин атындағы Қаскелең орта мектебінде өткізіледі. Шараға дарынды балаларға арналған О.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернаты көмектесуде. Қазылар алқасының құрамында белгілі ғалымдар мен педагогтер бар. Олимпиада қорытындыларын шығару және жеңімпаздарды марапаттау наурыздың 16-сында Алматыда өтеді. Ұйымдастырушылардың пікірінше, дарынды балалар үлкен қалаларда да, шалғай ауылдарда да жетерлік. Оларды іздеп тауып, бұлақ көзін ашуға осындай мектеп олимпиадалары көмектеседі.
Соңғы жаңалықтар
Референдум